• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО әкімі өңірдің индустриялды-инновациялық кәсіпорындарын аралады (ФОТО) 18.11.2014

«УКТМК» АҚ барған әкім ҮИИД МБ аясында іске асырылып жатқан инновациялық жобалармен танысты.

«2010 жылы «УКТМК» АҚ №14 кеуекті титан мен қоспа элементерінің вакуумды-доғалық құйма әдісімен титан құймасы өндірісі цехының құрылысын аяқтады. Оның жобалық қуаттылығы жылына 11 000 тонна өнімді құрайды. Осының арқасында 200 жаңа жұмыс орны ашылған», - дейді өндіріс президенті Әсем Мамутова

Өздеріңізге де белгілі, «УКТМК» АҚ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алтын сапа» сыйлығының «Индустриялды серпін-2010» аталымының иегері.

2010 жылы «УКТМК» АҚ мен әлемдегі қуаттылығы жағынан екінші орындағы оңтүстік кореялық «POSCO» компаниясы «ПОСУК Титанум» ЖШС кәсіпорнын бірлесе құрды. Мамутованың айтуынша, аталмыш өнімдер өңделгеннен кейін Оңтүстік Кореяның ірі компанияларына сатылады. Даниал Ахметов аталмыш өндіріс орнының маңызын ерекше атап өтті.

Сапар соңында өңір басшысы фотоэлектрлі пластиналар мен «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС өндірісімен танысты.


Back to the list