• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда тиімді инновациялық инфрақұрылым жасақталған 18.11.2014

ҰЭМ хабарлағандай, елімізде инновацияларға қолдау көрсету құралдарының жүйесі бір жолға салынған. Оның ішіне  инновациялық гранттар, техникалық бизнес-инкубациялау қызметі, жобалық және тәуекелдік қаржыландыру, коммерцияландыру кеңселерінің қызметі енгізілген.

2010 жылдан бастап Қазақстанда 4 мыңға жуық идея мен ғылыми  зерттемелер сәйкестендірілді, олардың ішінде 577 жобаға қолдау көрсетілді.

Аталып өткендей, 2010-2014 жылдар аралығында инновациялық грант бойынша 1400 өтініш қаралып, қаржыландыруға жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге  227 жоба жіберілді.

Нәтижесінде 2009 жылмен салыстырғанда инновациялық кәсіпорындардың саны 2 есе өсті, 7 есе  инновациялық өнімдер көлемі де артты.

Бұдан басқа, жобалық және тәуекелдік қаржыландыру аясында жалпы сомасы 1,3 млрд  теңге болатын 5 жоба қаржыландырылды. Ал, техникалық бизнес-инкубациялау шеңберінде жалпы сомасы 970 млн теңгеден асатын 116 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ, коммерцияландыру кеңсесінің қызметі бойынша жобалар тұжырымдамасына 122  негіздеме жасалып, олардың  56 жобасы одан ары коммерцияландыруға жіберілді.


Back to the list