• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жылы моноқалаларда ШОБ жобаларын субсидиялауға мембюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді 17.11.2014

«Моноқалаларды дамыту бағдарламасының басым бағыттарының бірі моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру, сол үшін 10 пайызға дейін несие бойынша пайыздық үстемелерді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылып, шағын несиелер бөлініп, жаңа өндіріс ашу үшін 3 млн теңге бөлінеді. Аталмыш бағыт аясында жалпы республикалық бюджеттен 9,9 млрд теңге бөлінген. Солардың ішінде 4,9 млрд теңге 2014 жылы, 5 млрд теңге 2015 жылы бөлінбек», - дейді.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, 979 млн теңге көлемінде 437 шағын несие беріліп, 224 млн теңгенің 93 гранты ұсынылған. 833 млн теңге көлемінде несие бойынша пайыздық үстемені субсидиялауға арналған 267 жоба мақұлданды.

«Моноқалалар халқын шағын несиемен қамтамасыз ету қызмет көрсету салаларында тиімді көрініс табуда. Ақсай қаласының бір өзінде 2014 жылы 32 кәсіпкер 56 млн теңгенің шағын несиелеріне қол жеткізді», - дейді министр орынбасары.

Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша 27 моноқала болса, ондағы халық саны 1,5 млн-ға жетеді. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 6 моноқала жоғары бағаланса, 19-ы орта деңгейде, 2-еуінің жағдайы мүшкіл.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен моноқалаларды дамыту мақсатында 2012 жылы Үкімет 2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын қабылдаған еді. Ондағы басты міндет экономиканы әртараптандыру мен ШОБ дамыту. Әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру, моноқалалардағы еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру.

Камила Амирова


Back to the list