16.11.2014
Бірыңғай бағдарламалық мақсат әзірленді, ол бизнестің бағдары болып есептеледі. Бірыңғай бағдарлама жобасы: «Экспортер 2020», «Инвестор 2020», «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы», «Агробизнес 2020» бағдарламаларын қамтиды.
2015 жылдың басынан бастап ШОБ үшін жаңа даму құралдары енгізілді. Бұл қала мен аудандардың дамуына үлес қосады.
Мәселен, кәсіпкерлерді қолдаудың құралдарын енгізу қарастырылған, ол 10 млн теңгеге дейін шағын несие беру, мемлекеттік емес шағын несиелерді субсидиялау және кепілдендіру. Аталмыш шара толық нарықтың дамуына әсер етеді.