• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Қорғас - шығыс қақпасы» АЭА бірінші кешенінің құрылысы  жыл соңына дейін аяқталады –әкімдік 13.11.2014

Сапар барысында облыс әкімімен Қазақстан темір жолы АҚ президенті Қайрат Мамин мен Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев бірге болды.

«Өткен жылы пайдалануға берілген халықаралық «Алтынкөл» темір жол бекеті мен теміржолшыларға арналып салынған Нұркент қалашығының ортасындағы 600 гектарға жуық жерге орын тепкен «Қорғас – шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақ құрамына теміржол құрғақ айлағы, логистикалық және индустриалдық орталықтар қамтылған. Бұдан тыс мұнда болашақта 301 гектар жерге тұрғын үй кешені салынбақшы. «Қорғас - шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мемлекеттік бағдарлама негізінде еліміздің индустриалды – инновациялық дамуын жеделдету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен құрылған», - делінген хабарламада.

Аймақ құрылысы үстіміздегі жылдың шілде айының басында Үкіметтің «Үдемелі индустриалдық – инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы жарты жылдықта жүзеге асқан жұмыстары жөнінде Елбасына телекөпір арқылы есеп беру мерзімінде Нұрсұлтан Әбішұлының қолдап, қуаттауымен бастау алған болатын.

Сонымен қатар, облыс әкімі теміржолшыларға арналып салынған «Нұркент» қалашығының өсу бағытымен танысты. Қалашық іргесінен 301 гектар жер бөлініп, «Қорғас – шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймаққа қоныстанушыларға тұрғынүйлер салынбақшы.Бұдан кейін облыс басшысы теміржол құрылысының басшыларымен шұғыл кеңес өткізіп, еркін экономикалық аймақта салынатын болашақ инфроқұрылымының сызбаларымен танысты.

 

 


Back to the list