12.11.2014
Олардың ішінде 11 адам мал шаруашылығымен айналысуға кірісті, шағын несиелерді кафені кеңейту, тігін цехін ашу, дін қызметін көрсету, құс шаруашылығын дамыту үшін алды. Үш астарахандық техникалық қызмет көрсету үшін станция ашты.
«Бағдарламаның белсенді қатысушыларының бірі болып Астрахан ауданының Новочеркасское ауылының тұрғыны, екінші топ мүгедегі Төлеген Нұрханов атанды, ол БАҚ арқылы өткен жылы мембағдарлама бойынша ақпараттанады, содан соң аудандық жұмыспен қамту орталығына барып мал шаруашылығын дамыту үшін шағын несие алады. Екі миллион несиеге фермер 5 ірі қара мал, 9 ұсақ мал мен ферма салуға құрылыс материалдарын сатып алды. Келісім шарты бойынша ол несиені 5 жыл ішінде жабады», - делінген хабарламада.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл үрдісті ол жүзеге асыра алады. Келер жылы ол өзі жұмыс берушіге айналып екі жұмыс орнын ашуды ұсынып отыр.