11.11.2014
«Экономиканы дамыту, іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуға қарқын беру үшін жаңа бастамалар керек. Жаңа экономикалық саясаттың негізі бүгін жарияланғалы отырған инфрақұрылымдық даму жоспары болмақ. Ол 5 жылға есептелген және елдің индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығымен сәйкес келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың айтуынша, ҮИИД МБ-2 іске асыруға 100 шақты шет ел қатысуға ниетті.
«Исекешев (Әсет Исекешев – ҚР инвестиция және даму министрі) олармен келіссөз жүргізді. Енді жалпы инвестициялық портфельді 6 трлн теңге көлемінде, ал мемлекеттің мұндағы үлесі 15 пайыз шамасында болады деп күтіп отырмыз», - дейді Елбасы.
Индира Қауметова