• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сағынтаев: ҮИИД МБ аясында 69 мың тұрақты жұмыс орны ашылды 11.11.2014

«Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы қабылданды. Бірінші бесжылдықта индустрияландыру картасы аясында 3 трлн теңгенің 673 жобасы іске асырылып, нәтижесінде 69 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

«Қабылданған шаралардың арқасында өңдеуші өнеркәсіп тау-кен өндіру саласымен салыстырғанда үлкен қарқынмен өсіп келе жатыр, алайда өңдеуші саланың өсіміне қарамастан оның ЖІӨ-дегі үлесі азайды. 2011 жылы оның үлесі 11,4% болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 10,9% құрады. Оған себеп ЖІӨ номиналды көлемінің артуы», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өңдеуші саладағы еңбек өнімділігі 8% артса, ауыл шаруашылық саласында бұл көрсеткіш 17,4% ұлғайған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Индира Қауметова


Back to the list