• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Банктердегі несиелердің 13%-дан астамын БЖК-2020 бағдарламасына қатысушылар алады 10.11.2014

«Банктердегі несиелердің 13%-дан астамын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылар алады. Бюджет үшін мұның экономикалық тиімділігіне тоқталар болсақ, бағдарлама қатысушылары 77,6 млрд теңге салық төлеген», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бағдарлама аясында қатысушылардың өнім шығаруы жылына 852 млрд теңге деңгейінде. Қазіргі таңда нәтижесінде 170 мың жұмыс орны ашылған.

Айта кету керек, Бизнестің жол картасы аясындағы қаржылық қолдау баршаға ашық: несиелері бойынша субсидия мен кепілдікті жұмыс істеп жатқан кәсіпкер де, бастауыш кәсіпкер де ала алады. Сонымен қатар, шалғай ауылдағы халыққа да қолжетімді.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік қолдауы бірқатар бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Соның ішінде ҮИИД МБ бір бөлігі саналатын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер субсидия мен несиені кепілдендіруге, гранттық қаржыландыруға, оқыту мен кеңес беруге қол жеткізе алады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қаржылық агенті мен үйлестірушісі «Даму» қоры. Қор кәсіпкерлерге банктік несие алу кезінде кепілдік ұсынып, тегін кеңес беру мен оқыту жұмыстарын атқарады.  

Индира Қауметова


Back to the list