08.11.2014
Әкімдіктен хабарлағандай, АЭА аумағында қайта өңдеу өндірісі қызметіне басымдылық берілген. Бүгінде онда барлығы 3 жоба іске қосылды, тағы 8-і жүзеге асырылу барысында. Жалпы жобалардың құны 152,4 млрд теңге болса, инвестиция көлемі 6,1 млрд теңгені құрады.
Табысты кәсіпорындардың бірі қатты және майысқыш құбырларды өндіру, құбырларды өндіру және мұнайөндіру саласы үшін дөңгелекті крандарды өндіру зауыттары болып табылады.
Айта кетерлік жайт, «Сарыарқа» АЭА инфрақұрылым құрылысы 90%-ға аяқталды, бюджеттен 23,9 млрд теңге бөлінді. Осы ретте 2014 жылы республикалық бюджеттен 0,9 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мақұлданды.