• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҮИИД МБ - 2 аясында халықаралық талаптар ескеріле отырып жаңа стандарттар жасақталады 07.11.2014

«2015 жылдың жоспарына 1007 стандарт енгізілді, оның ішінде 174 стандарт ҚР Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін болады. 145 стандарт КО ТР (Кедендік одақтың техникалық регламентіне) сәйкестігін дәлелдейтін базаны қамтамасыз ету үшін жасақталады.  Ал,  688 стандарт ҚР кәсіпорындарын нормативті базамен қамтамасыз ету үшін және ҚР Үкіметінің тапсырмасы мен түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында жасақталады», - деді Б. Қанешов.

Айта кетерлік жайт, бұл стандарттар қолданыстағы стандарттарды қайталамайды, олар халықаралық талаптарды ескере отырып жаңадан жасалынады.

Комитет төрағасы атап өткендей, ҮИИДМБ-2 аясында экономиканың түрлі саласындағы метрологиялық инфрақұрылымдарды дамыту көзделген.

«Аталмыш шаралар шеңберінде Ақтау, Орал, Қарағанды қалаларында зертханалық және әкімшілік нысандарын салу және еліміздің батыс аймақтарында мұнайөндіру, мұнайды қайта өңдеу мен мұнайхимиясы өндірісі салаларында түрлі зертханаларды, сондай-ақ орталықта машинақұрылысы саласы үшін арнайы зертхана ашу жоспарланған», - деп толықтырды Б. Қанешов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылдың 19 маусымындағы Жарлығымен бекітілген.

Индира Кауметова


Back to the list