• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Индустрияландыру картасы аясында 2014-2016 жылдары  АӨК-нің 9 жобасын іске қосу жоспарлануда 06.11.2014

Елбасы бірнеше рет атап өткендей, тікелей шетелдік инвестицияны тарту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы болып табылады. Жыл сайын аталмыш бағытта көңіл көншітерлік нәтижеге қол жеткізілуде.

Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) жаңа экономика мен үдемелі индустрияландыру үшін білім мен технологияны алып келуді білдіреді. 

ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, 2010-2014 жылдар аралығында ҚР-ның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік саясаттың басты міндеті шикізаттық емес, экспортқа бейімделген және жоғары технологиялы өндіріске, инфрақұрылымдарды дамытуға тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Индустрияландыру картасы бойынша АӨК-нің 92 жобасы пайдалануға беріліп, 5,1 мың жұмыс орны ашылды. 2014-2016 жылдар аралығында тағы 9 жобаны іске қосу жоспарланған.

Бұдан басқа АӨК-нің проблемалы несиелер санын төмендету жолында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қаржылай сауықтыру шаралары жүргізілуде.

Қаржылай сауықтыру аясында 2013 жылдан бастап АӨК субъектілерінің жалпы берешегі 312,9 млд теңге болатын 292 өтініші мақұлданды.

Аймақ бойынша қарастыратын болсақ АӨК субъектілерінің басым бөлігі бидай көп егілетін өңірлерден. Қаржылау сауықтырудың 86,4% - егін егу,  2,8% - мал шаруашылығы, 5% - ауыл шаруашылығы тауары, 5,6%- өзгеде қызмет түрлеріне тиесілі.


Back to the list