• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда ҚДБ қолдауымен 25 инвестжоба пайдалануға берілді 04.11.2014

Аталмыш кәсіпорындарда 11 мың жұмыс орны ашылған. ҚДБ жүзеге асырған жобалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер береді. Банк қаржыландырған энергетика саласының жобалары энергия тапшылығын жоюға бағытталған.

 Елдің индустриялды-инновациялық дамуын қолдау бағдарламасы аясында «Қазақстан даму банкі» АҚ екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсету аясында 45 млрд теңгелік 6 банкті  қаржыландырды.

Банкте хабарлағандай, ҮИИД МБ-1 жүзеге асыру барысында 31 жоба қаржыландыруға бағытталды,ол Индустрияландыру картасы аясында 1 696 млрд теңгені құраса, ҚДБ қатысуымен 900 млрд теңгесі қаржыландырылды. Бүгінгі таңда ҚДБ қаржыландырған  ҮИИД МБ жобаларының жалпы құны Индустрияландыру картасының жалпы инвестициясының 13 пайызын құрайды.

ҚДБ осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Индустрияландыру картасы бойынша 1 402 млрд теңгені құрайтын 18 жоба жүзеге асуда. Оның қарыз құны 754 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, қазіргі таңда 178 млрд теңге тұратын 2 инвестжоба мақұлданды, ол бойынша қаржыландыру әлі басталған жоқ.

Банктің қаржы ресурсы көліктік саланың барлық бағытына бағытталған, оның ішінде көлік инфрақұрылымын дамыту, көліктік қондырғыларды жаңғырту бар.

Банк металлургия, химия және мұнай химиясы, машина жасау мен өзге салалардың жобаларын жүзеге асыруда. 


Back to the list