• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да  4,5 жыл ішінде индустрияландыру аясында 2,5 трлн теңгенің  672 жобасы жүзеге асты 03.11.2014

Инвестиция және даму министрлігінен хабарлағандай, жобалар 3,76 трлн теңгенің өндірістік өнімін өндірді, оның ішінде 2014 жылдың 9 айында  1 трлн теңгенің немесе  7,4% өндірістік өнімі өндірілді (2013 жыл - 1,2 трлн теңге).

Бұдан басқа Картаның іске қосылған жобалары аясында 2014 жылдың 9 айында жалпы өндірістік өнім көлемінің  12% өндірілді. Карта жобаларының 2013 жылы ЖІӨ өсіміне қосқан үлесі 6%-дың  0,8 пайыздық пунктің құрады (2010 жылы -  7,3% -дың 0,5 п.п. 2011 жылы - 7,5%-дың 1,7 п.п. 2012 году - 5%-дың 1,3 п.п.).

Сондай-ақ, Индустрияландыру картасы жобалары бойынша экспорт 4 жыл ішінде 133 млрд теңгеден асты, Карта жобаларының дайын тауар экспортындағы үлесі 8% көрсетті.

Аталып өткендей, пайдалануға берілген Картаның жобаларымен Қазақстанда 325 жаңа өнім түрлері игерілді. Ал, 2014 жылы жалпы сомасы 700 млрд теңгені құраған 120 жобаны іске қосу жоспарланған. Ілкімді іс іске асырылған жағдайда  10 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. 


Back to the list