03.11.2014
Ол жол бірқатар маңызды нарықтар мен өңірлерді байланыстырады, сондай-ақ, оңтүстік бағытта жүзеге асқан алғашқы жоба болмақ. Оның жалпы ұзындығы 900 км ал қуаттылығы 10 млн тоннаға тең.
«Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бірқатар маңызды нарық пен өңірді байланыстыратын болады. Оның жалпы ара қашықтығы 900 км, өткізу қуаттылығы 10 млн тонна. Ол Қазақстанның әлемдік саудаға өту үрдісін ұлғайтады», - деді ол.
Айта кетерлігі, аталмыш бағыт Оңтүстік-Солтүстік транспорттық дәлізінің қосымша бағыттарын ашуға мүмкіндік береді. Ол Қазақстан, Ресейдің орталық аудандары, Түрікменстан, Иран, Парсы шығанағы, Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияны байланыстыруға мүмкіндік береді. Ол жүк және жолаушылар тасымалын ұлғайтып, тасымалдау шығындарын азайтуға септігін тигізеді.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев