03.11.2014
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан, Қытай мен халықаралық ұйым өкілдерінің тәуелсіз сараптама құрылымдары мен мемлекеттік сарапшылары қатысуымен жаңа форматта алғаш рет өткізіліп отырған «Қазақстан-2050: Шығыс пен Батыс арасындағы жаңа құрлықтық өткел» атты дөңгелек үстел отырысында мәлімдеді.
Президент Н. Назарбаев Қазақстан аумағында Еуропа мен Азия арасын жалғайтын Орталық Азия өңіріндегі ең ірі іскерлік транзиттік хаб құру туралы тапсырма берді. Қазақстанның жоғарғы көлік-тасымал әлеуеті еуропа және азиялық нарық арасында тиімді географиялық орналасуымен бірқатар артықшылықтарға ие. Ел аумағынан тұрақты түрде ағылатын жүк тасымалы, Кедендік одақ нарығына деген тұрақты қолжетімділік, қолайлы инвестициялық климат пен экономикалық тұрақтылық өз жеміс беруде.
«Транзиттік-транспорттық әлеуеттің тақырыбы Орталық Азия елдерінде үлкен өзектілікке ие болып отыр. Оның қозғаушы күші Қазақстанның бірден бірнеше жаһандық жобаларды қолға алуы болды. Біріншіден, бұл – Бейнеу-Жезқазған-Арқалық-Шұбаркөл темір жолы Қазақстанның батысы мен шығысын жалғайды. Мамандардың айтуынша, «Жезқазған-Бейнеу» жобасының іске асырылуы «Достық-Ақтау» бағытындағы тасымалдың қашықтығын 700 км-ге дейін азайтады», - дейді.
Сонымен қатар, Е.Қариннің айтуынша, әлемдік сарапшылар аталмыш тасымал саласының күре тамырын әлі де болса өз дәрежесінде бағалай қойған жоқ. Бұл жоба Қазақстанның қолға алуымен посткеңестің елдердегі соңғы он жылдықтарда қолға алынған ең ірі жобалардың бірі.
Индира Қауметова