24.10.2014
« Жыл басынан бері өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1064,1 млрд. теңгені құрды, нақты көлем индексі 101,5%, өңдеуші салада 712,4 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді, НКИ-92,9%. Тау - кен өндірісі өнеркәсібінде тұрақты өсу деңгейі байқалды - ол 208,4 млрд. теңгені, НКИ- 111,5% құрады. Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 9,9% өсті және көрсеткіштің жоғарылығы бойынша облысымыз республика бойынша 1 орында», - деді әкім.
Әбдібековтың айтуынша, республикалық көлемде облыстың өнеркәсіптік өндіру үлесі 11,9% құрайды (Атырау облыснан кейін 2 орын), соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте - 20,7 % (ҚР-да 1 орын).
«Қарағанды облысының аумағында шамамен 209 ірі және орта тау - кен өндіру, өңдеуші өнеркәсіптің, электрмен қамту және сумен қамту кәсіпорындары қызмет етеді», - деп толықтырды әкім.
Сонымен, ҮИИД МБ іске асыру және мемлекеттік қолдау шараларын қолдану нәтижесінде Қарағанды облысында дамудың оң қарқыны байқалады. Облыстың ЖӨӨ көлемінің жартысы өнеркәсіпте өндіріледі (45%), соның ішінде 30,1% - өңдеуші салада, бұл - республикада ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Индира Кауметова