24.10.2014
«Жыл басынан бері 4 жаңа өндіріс ашылды. Келер жылға дейін тағы 6 өндірісті іске қоспақшымыз. Осылайша 2014 жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы саны 10 жоба жүзеге асырылады», - дейді әкім.
Оның айтуынша, «Сарыарқа» ЕЭА аумағында 2 зауыт іске қосылды. Үшіншісі жыл соңына дейін ашылады.
Сонымен қатар, әкім 80 инвестициялық жобаның қазіргі таңда облыста 55-інің іске асырылғанын еске салды.
«Жобалар жыл сайын шамамен 50 млрд теңгенің өнімін өндіреді. Соның ішінде бүгінгі таңда 37 жоба жоспарлы қуаттылыққа шықса, 15-і осы көрсеткіштің 50 пайызы деңгейінде жұмыс істеуде», - дейді.
Индира Қауметова