21.10.2014
Еуропалық Одақтың «Қазақстанның өңірлік даму» жобасымен бірлесе ұйымдастырылған шараға индустриялды даму мен инвестиция мәселелерін реттейтін 14 облыс әкімінің орынбасары қатысуда.
Семинарда сөз алған Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.Әбдірәсіловтың айтуынша, аталмыш бағдарламаны сәтті іске асыру елдің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне тікелей байланысты. «Талдамалық мәліметтерге сүйенсек, бағдарламаны іске асыру процесінде бірқатар кедергілердің де шыққаны анық. Атап айтар болсақ, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдар мен даму институттары арасындағы жедел байланыс орнату бойынша кемшіліктер мен бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жинау, жоспарлауға қажетті бірыңғай әдістемелік құралдың жоқтығына байланысты түйіндер де жоқ емес. Сол себепті, біздің ойымызша, семинар күрделі аспектілерді шешу жолдарын анықтау мен өзекті мәселелерді талқылауға арналған пікірталас алаңына айналуы тиіс. Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыруда индустриялды-инновациялық даму саласындағы шетелдік тәжірибеге сүйенген жөн», - дейді ол.
Осы мақсатта семинар аясында Ирландия (Кондрон Барри, «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасы) мен Оңтүстік Кореяның (Хван Ин Пё, ОК мемлекеттік қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру институтының профессоры) тәжірибесі зерттеледі.
Сондай-ақ,шараға қатысушылар алдына Қазақстанның даму орталықтары мен орталық мемлекеттік органдарының жауапты қызметкерлері ҮИИД МБ іске асыру барысы туралы сөз сөйлейді.
Шара аясында ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Г.Әбдірахимованың төрағалығымен жиын өткізу жоспарланған. Оған инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысады.