• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-ның Индустрияландыру картасына 5 жоба ұсынылды 21.10.2014

«Индустриалды-инновациялық даму басқармасы бөлімінің жетекшісі Ержан Иманслям  «Ұн тарту комбинатын жаңғырту», «Диірмен кешенін салу», «Диірмен кешенінің өндірістік қуаттылығын арттыру», «Диірмен кешенін салу», «Қатырылған залалсыздандыратын заттарды өніру» сынды жобаны кеңестің қарауына ұсынды. Олардың барлығы бірауыздан Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен мақұлданды», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, Үйлестіру кеңесі бұдан басқа 70-80-дей жобаны қарап шығуы керек.

«Ұсынылған жобалардың қаржыландыру көлемі 2,1 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта олар іске қосылғаннан кейін 218 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінде біздің кәсіпкерлеріміздің іскерлік белсендігі айтарлықтай жоғарылаған», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын өтіп кеткен кеңестерде 32 жоба қаралып, олардың ішінде жалпы сомасы 26,6 млрд. теңге болатын 27 жоба мақұлданды. 


Back to the list