• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҮИИД МБ екінші бесжылдығын жүзеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингісіне 225 млрд теңге бөлінеді (Брифинг бейнебаяны) 20.10.2014

«Жақын арада бізге 75 млрд теңге бөлінеді. Қомақты қаржы ірі өндірістік индустриалды жобаларға арналған. Бұл қаржы УИИД МБ екінші бесжылдығын жүзеге асыруға бағытталады, 75 млрд теңге Қазақстанның Даму банкіне жіберіледі », - деп мәлімдеді Қ. Бішімбаев.

Сонымен қатар, холдинг басшысы атап өткендей, 75 млрд теңгенің үстіне ҚДМ қосымша 150 млрд теңгені тартатын болады.

«Демек, ұлттық қордан тартылған 1 теңгеге ҚДБ үстінен 2 теңгенің сыртқы көздерден тартатын болады. Қорыта келгенде бағдарлама 225 млрд теңгені құрап, қаржы ҮИИД МБ екінші бесжылдығы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға бөлінеді», - деп толықтырды ол.

Қ.Бішімбаев баса айтқандай, бағдарлама бойынша жаңа шарттар қойылады.

«Біз қажетті қаржыны 5% және 7,5% аралығында жылдық үстемақысымен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі», - деп түйді ол.

Индира Кауметова


Back to the list