19.10.2014
Атап айтқанда, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС ұсынған «Арнайы автокөлік түрлерін сатып алу» жобасы бойынша субсидиялау уақытын ұзарту мәселесі қаралды.
«Елбасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасын ескерсек, бұл өте маңызды жобалардың бірі. Сондай-ақ, Орталық Қазақстандағы көшбасшылық рөлін ескере, сүт фабрикасының аясын кеңейту жұмыстарын да қарастырған жөн»,-деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Әкімдіктен түсіндіріп өткендей, моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Теміртау және Шахтинсктен әртүрлі жобалар ұсынылды. Мәселен, монша кешенін салу, медициналық орталыққа шағын құрылыс жалғап салу, автомобиль жолдары және тұрмыстық қалдық үшін арнайы техника алу және өзге де жобалар ұсынылды. Сондай-ақ, Абай ауданынан арнайы грантқа үміткер жобалар да қаралды.