17.10.2014
«ҮИИД МБ шеңберінде өңірімізде 1,6 трлн теңгенің 44 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде олардың 28 жобасы іске қосылған», - деді әкім.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жыл соңына дейін құны 8,3 млрд теңгені құрайтын тағы 7 жоба пайдалануға беріліп, жаңа 466 жұмыс орны ашылады.
Бұдан басқа, Ізмұхамбетов атап өткендей, ағымдағы жылы бірқатар жоба бойынша құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған. Атап айтар болсақ, 3 құс фабрикасының, препараттарды өндіру бойынша зауыттың, кабель өндірісі бойынша зауыттың және химиялық реагент өндірісі бойынша зауыттың құрылысы басталады.
Ал, 2015 жылы 12,9 млрд теңгенің 5 жобасы және 2016-2017 жылдары жалпы құны 1,46 трлн теңге болатын - 4 жоба халық игілігіне беріледі.
Индира Кауметова