• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбелік кәсіпкерлерді кластерлерге бірігуге шақырды 16.10.2014

Шараға елдің батыс өңірінің даму институттары, жергілікті атқарушы органдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдері, сондай-ақ ҮЕҰ, ӘКК өкілдері қатысты.

ҮИИД бағдарламасы аясында  елде келесі бесжылдықта 1 ұлттық кластер, 3 пилоттық аумақтық кластер ұйымдастыру жоспарлануда. Аумақтық кластерлер конкурстық негізде іріктелетін болады.

Алайда, өңірде кластерлерді құру үшін Ж. Байтемірованың айтуынша, өнімін алға жылжыту, жалпы мәселелер мен проблемаларды шешу үшін бірігу қажеттілігін түсінетін кәсіпорындардың сыни тобы шоғырлануы тиіс.

«Еуропада, Азияда, Жапонияда бизнесті дамыту деңгейі кәсіпкерлердің бір-бірінсіз дами алмайтынын түсінетін жағдайға дейін жеткен. Сондықтан да олар кластерлерге бірігеді», - деді ол. 

Кластермен мемлекет тікелей қаржыландыру түрінде емес, қалыптасқан кластермен маркетингтік, инжинирингтік, консалтингтік жұмыстар жүргізу кезінде бірлесіп қаржыландыруға қолдау көрсетуге ниетті.

 


Back to the list