12.10.2014
Семинар жұмысына министрлік өкілдері, даму институттары, жергілікті атқарушы органдар, өндірістік кәсіпорындар, ҰКП, АЭА, ӘКК өкілдері қатысады.
Семинардың басты тақырыбы индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында салалық бастамаларды қолдау, сондай-ақ, аймақтық салаларды дамыту мен методологиялық әдістерді құруға арналады.
Сондай-ақ, өңірлік кластерлерді байқаудан өткізу, 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі-индустриялды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтарға қолдау көрсетуді тереңдету мәселелері қаралды.
Жалпы, семинардың қорытындысы бойынша, өңірлік кластерлерді дамыту бойынша ұсыныстар мен пікірлер таңдалатын болады.