08.10.2014
Жобаның құны 394 млн теңге. Жобаның өнімділік қуаттылығы жылына 5000 текше метр. 2014 жылдың 1 қазаны күнгі жағдай бойынша 4,030 мың шаршы метр өнім өндірілді. Кәсіпорында 41 адам жұмыс істейді.
Аталмыш компания – орман саласындағы тұңғыш кластерлік компания. Ағаш өңдеумен айналысатын компания өндіріс циклін қалыптастырады, ол өндірістік үрдістер мен үйлестіру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өндірістік шығындар санын қысқартады.