08.10.2014
Кәсіпорын қуаты жылына 2200 тонна көкөніс шығаруға жетеді. Жобаның құны -2 млрд 196 млн 900 мың теңге. Соның 1 млрд 763 млн 300 мың теңгесі несиеге алынса, 433,6 млн өзіндік қаражат.
«Бүгінгі таңда 36000 тонна топырақ әкелінді. Жобаның салынатын орны жоспарланып, аймаққа геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Қазірдің өзінде нысанның іргетасы салынды. Барлық құрылғылар әкелінді. Құрастыру жұмыстары басталып кетті. Енді қазандық, су құбыры, кәріз жүйесі, ішкі жолдар мен қоршаулар, кіреберіс қақпа жұмыстары 70 пайызға дейін орындалды», - деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Қазіргі таңда жұмысшылар саны 60 адам. Пайдалануға берілгеннен кейін нысанда 57 адам еңбек етпек.
Хабарламада айтылғандай, Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «EcoProduсt» ЖШС-да голландиялық технология бойынша көкеніс өндіретін жылыжай кешенінің салынуы солтүстік халқын сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.