• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында жыл соңына дейін 2 млрд теңгенің құс фабрикасы ашылады 08.10.2014

«Салынған барлық 10 базаға ішкі және сыртқы электр желілері қосылған. Монтаж жұмыстары аяқталып, үш базаға санитарлық жұмыстар жүргізілді. Осы құс фабрикасына 148 000 құс әкелінді. Әкімшілік-тұрмыстық корпус, жемдеу цехы, астық қоймасы, шаруашылық блогы, зооветеринарлық зертхана, қойма – барлығы 100 пайыз дайын. Тағы екі блоктың құрылғылары жиналып жатыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, база мен ғимараттар айналасына бетон құю жұмыстары жүргізіліп, аймақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда онда 54 жұмыскер еңбек етеді. Пайдалануға берілгеннен кейін нысан 80 адамды жұмыспен қамтымақ.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 112,1 млн теңгенің инфрақұрылымы жасалынды.

Құс фабрикасы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.


Back to the list