07.10.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, «Ақжайық» ГЕО» ЖШС»-ның «Негізгі қаржыны толықтыру – геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарына арналған көшпелі бұрғылау қондырғысын сатып алу» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша өсім ақысын субсидиялап, бір бөлшегін кепілдендіру үшін мақұлданды.
Сондай-ақ, Жеке кәсіпкер «Шишкин П.А»-ның «Негізгі құралдарды сатып алу» жобасы бірден екі бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау алады: моноқалаларды дамыту және БЖК бағдарламасының бірінші бағыты.
«Екі мекеме кредиттік желілер бойынша негізгі қарыздың қалған бөлшегін қайта қаржыландырады, бір мекеме «БЖК-2020» бойынша өсім ақысын субсидиялау үшін субсидияға берілетін қаржына қайта қаржыландырады», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік бағдарламаның жаңа қатысушылары жүк тасымалдау үшін автокөлік, дәріхана бизнесін жүргізу үшін жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы техникасы мен ұсақ мүйізді мал сатып алғылары келеді.