• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да ҮИИД МБ бойынша 27,4 млрд теңгенің 29 жобасы жүзеге асты 07.10.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, облыста ҮИИД МБ-1 Индустриаландыру картасына 38,2 млрд теңгенің 31 жобасы енгізілген. Оның ішінде 23-і жаңа өндіріс, 8-і жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру.

«Индустриаландыру картасы аясында 27,4 млрд теңгенің 29 жобасы жүзеге асты, 1185 жұмыс орны ашылды. Солардың бірі ретінде осы жылдың шілде айында жүзеге асырылған құны 600 млн теңгені құрайтын "ПЗТМ" АҚ-ның Энергетикалық қазандық қондырғысы өндірісін құру жобасын айтуға болады, бұл жоба аясында 44 тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді Марат Ысқақов.

2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында Индустриаландыру картасы аясындағы жобалардың көмегімен 16 млрд теңгенің өнімі өндірілді. ҮИИД МБ-2 бойынша, 2,5 мың жұмыс орнының ашылуын қарастыратын құны 126 млрд теңге болатын 74 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 26 млрд теңгенің 30 жобасы мақұлданды. 


Back to the list