01.10.2014
«Форум 9-10 қазанда өтеді. Бірінші күні автокөлік құрастыру, мұнай-газ машинасының құрылысы, кен-металлургия, ауыл шаруашылығы, темір жол машиналары мен электротехникалық машина жасау секторлары бойынша секциялық отырыс өтеді. Әр секцияда өзіндік ерекшеліктер мен өзіндік міндеттемелер болады. Қазірдің өзінде шараға 700-ден астам қатысушы тіркелді. 17 елден шетелдік қонақ келеді деп күтілуде», - дейді ол.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, екінші күні ҚР Премьер-Министрдің қатысуымен пленарлы отырыс өтпек.
«10 қазан күнгі шара «Қазақстан Темір Жолының» ғимаратында өтеді. Онда Премьер-Министрдің қатысуымен пленарлы отырыс өтпек. Кейін үш панельді сессия ұйымдастырылады. Онда ДСҰ-ға енуге басымдылық беріле отырып КО интеграциялық байланыстардың құрылуымен машина жасау кешенінің жұмысы талқыланбақ. Екінші пленарлы отырыс сатып алу мәселелеріне, жер қойнауын игерушілер мен ұлттық компаниялардың сатып алуына қатысты болмақ. Қаралатын үшінші мәселе, мамандар әлеуетін арттыру мәселесі. Бұл кез келген сала үшін өзекті нәрсе. Әсіресе осындай жоғары технология саласында. Біз осы бесжылдыққа жаңа салалар құрдық. Оларға заманауи мамандар қажет», - дейді А.Рау.
Оның айтуынша, форум аясында жинау туралы келісімге қол қойылады, онда келесі жылға өту қамтылмақ.
«Қол қойылатын меморандум бойынша келер жылы сырлау мен дәнекерлеу назарға алынады. Жоба ауқымды. Ол КО елдеріне экспорт мақсат етілген», - дейді.
Индира Кауметова