01.10.2014
«Бірінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша машина жасау саласы жақсы көрсеткішке жетті, бірінші бесжылдық барысында 70 жобаға 1 млрд евро инвестицияланды», - деді ол.
А.Рау атап өткендей, Қазақстан машина жасаушыларының II форумында машина жасау саласы кәсіпкерлерінің дамуы бойынша маңызды әңгіме өтеді.
«Екінші форум салалық кәсіпорындар тақырыбына арналатын болады, онда 100 мың жоғары білікті маман қызмет ететін 300 кәсіпорынның жұмысы талқыланады», - деді ол.
Сондай-ақ, А.Рау ҮИИД МБ-2 жоспарымен бөлісті.
«2 бесжылдыққа бірнеше міндетіміз бар. Бірінші – бірінші бесжылдықта құрылған жобаларды соңына дейін аяқтау. Мәселен, Өскемендегі Рено,Ниссан, Автоваз көліктері зауытының толық циклін аяқтау. Екінші – енген жобаларды толық қуаттылыққа шығару. Экономиканың даму деңгейі жоғары салалардың дамуында көрініс табады, ол істегі басты мәселе ШОБ-қа оң әсер ету. Үшінші – экспорттың өсу көлемі. Локомотив жинаушы зауыт осы жылы өнімділік көлемін азайтты, себебі ҚТЖ жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Экспорт күтілген көлемде басталған жоқ. Сондықтан да, бүгінгі күні Үкімет өңдеу саласының жеке және жалпы бағыттары бойынша жұмысты атқаруда. Дамыған елдерде экспортаушыларды несиелендіреді, оларға жақсы жағдай жасап, сақтандыру енгізеді. Біздің елде ол тәжірибе жүзеге асырылуда», - деді ол.
Индира Кауметова