• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жетеді – Пшембаев 01.10.2014

«2013 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау  саласының өнімі 853 млрд теңгеге жетті, биыл аталмыш көрсеткіш 1 трлн теңгеге жетуі мүмкін», - дейді М.Пшембаев.

Оның айтуынша, машина  жасау саласының мақсатты индикаторы 2015 жылға қарай ҮИИД МБ бойынша 588 млрд теңге көлемінде анықталмақ.

«Елдегі машина жасау саласы өнеркәсіптеріне 5 жыл толды. 2010-2014 жылдар аралығындағы ҮИИД МБ бойынша іске асыру көлемі белгілі бір жетістіктерге жеткізді. 2010 жылдан бері машина жасау саласының  өнімдері тұрақты артып, тек саны ғана емес, сапа жағынан да алға ілгерілеушілік байқалады. 2009 жылы саладағы өнім көлемі 280 млрд теңге болса, ал 2015 жылғы мақсатты индикатор 588 млрд теңге көлемінде», - дейді ол.

Айта кету керек, соңғы уақыттары машина құрылысы саласы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып отыр. 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында машина құрылысы өнеркәсіптері 119,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 38 есеге артық. Олардың шығарған өнімдері 2014 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 12 пайызға дейін артты.

Индира Қауметова


Back to the list