• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
К.Көкрекбаев: Жамбыл облысының кәсіпорындары 8 ай ішінде 171 млрд теңгенің өнімін өндірді 26.09.2014

Кездесу барысында Мемлекеттік үдемелі индустриалды инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларының жүзеге асырылуы, аймақтың экономикалық өсуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Осы жылы  «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аймаққа республикалық бюджеттен 2,5 млрд.теңге бөлінді.

«Облыста 60-қа жуық орта және ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Олар осы жылдың  8 айында 171 млрд.теңгенің өнімін  өндірген болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 млрд. теңгеге артық», - деп айтты аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жылдың соңына дейін «Talas Investment Company» ЖШС-не 1000 тонна күкірт қышқылын, ал «AGIG» компаниясына 30 мың тонна клинкер және 1000 тонна цемент өндіруді тапсырды.


Back to the list