19.09.2014
«Барлық инженерлік инфрақұрылымдар Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Келер жылы Талдықорған қаласындағы индустриялды аймаққа инженерлік коммуникация жүргізіледі. Бұл кәсіпкерлік ортаны жетілдіру мақсатымен қолға алынбақ. Жалпы үдемелі индустрияландырудың бірінші бесжылдығы көп пайда әкелді, шағын бизнес субъектілерінің саны 1,5 есеге артып, салықтық түсімдер 2 есеге көбейді. Алайда, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетеміз», - дейді ол.
Әкімнің айтуынша, ауқымды капитал салмай ешқандай да кәсіпкерліктің қарқынды қанат жаюы мүмкін емес. Президент индустрияға инвестиция тартудың, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы құюдың маңызын бірнеше рет айтты.
«Таяуда Алматыда ірі кәсіпкерлермен кездесу өткіздік. Оларды ынтымақтастыққа шақыра отырып өзіміздің инвестициялық әлеуетімізді таныстырдық. Нәтижесінде, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы орта қалыптастырып, қағазбастылық кедергілерді азайтатын болып шештік. Енді осы мақсатта атқарған шаруалар қазірдің өзінде өз жемісін беріп жатыр», - дейді ол.
Индира Қауметова