• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өңірлерде кластерлік бастамаларды қолдау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өтеді 19.09.2014

«Семинарларды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-пен (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ)  бірлесіп ұйымдастыруда», - деп  хабарлады ИДМ.

Семинардың жұмысына министрліктердің, даму институттарының, жергілікті атқарушы органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ ҰКП, ӘКК, АЭА және т.б. өкілдері қатысатын болады.

Семинарларды төменде көрсетілген мерзімдер бойынша мына қалаларда өткізу жоспарлануда:

Семинарлардың басты тақырыптары индустрияландырудың екінші бесжылдығының шеңберінде кластерлік бастамаларды қолдау, сондай-ақ  аумақтық кластерлерді құру және дамытудың әдіснамалық тәсілдері болып табылады.

Бұдан басқа, аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірлерді мамандандыруды тереңдетуге жәрдемдесу мәселелері қарастырылатын болады.

Тұтастай алғанда, семинарлар қорытындылары бойынша аумақтық кластерлерді дамыту саясатын қалыптастыру жөнінде  ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді.


Back to the list