• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодар облысында 2,1 млрд теңгелік  мыс өндіретін зауыт ашылды 16.09.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, зауыттың жобалық қуаты – жылына 3 мың тонна катодты мыс. Өнім бес миллиметр табақ түрінде шығарылып, елдің ішкі нарығында сатылатын болады. Бір тонна мыстың құны шамамен 7000-7250 АҚШ доллар тұрады. Кәсіпорында 140 жұмыс орны құрылған. Мыс жергілікті кен орнында өндіріледі.

Жалпы, Павлодар облысында 94 жоба іске асырылуда, олардың 58-і жұмыс істеп тұр. Бес мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 242 млрд. теңге инвестиция салынған, жаңа өндіріс орындары облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 5,5 пайызын өндірген.

Аталмыш бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 2020 жылға дейін инвсетиция көлемі 868 млрд. теңге болатын 23 жоба мен тағы 5 мың жұмыс орнын құруға босалқы дайындама әзірленген.

 

 


Back to the list