• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысының  өнеркәсіптік кәсіпкерліктері 180,8 млрд теңгенің өнімін өндірді 12.09.2014

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, физикалық көлем индексі 104,7% құрады.

Индустрияландыру картасы аясында өңірде 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашатын 716,7 млрд теңгенің 63 инвестициялық жобасы іске асырылуда.

Қазіргі таңда 105,3 млрд теңгенің 44 жобасы пайдалануға беріліп, 4,8 мың жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, 2014 жылы 1531 тұрақты жұмыс ашуға мүмкіндік беретін 94,6 млрд теңгенің 15 жобасын іске қосу жоспарланған. Соның ішінде 3 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылып, қазіргі таңда 276 тұрақты жұмыс ашылды.

Ақмола облысында бұдан бөлек 2015-2021 жылдарға жоспарланған 24 626 тұрақты жұмыс орнын ашатын 9 жоба іске асырылуда.


Back to the list