09.09.2014
Жаңа зауыт толықтай өндірістік қуатына кіріскенде жылына 36,0 млн. дана құрылыс кірпішін шығарады. Инвестициялық жобаның жалпы қуаты - 2,2 млрд. теңге. Зауыттың ашылуымен жаңа 110 жұмыс орны құрылса, зауыт толықтай жұмыс жасағанда жұмысшылар саны 140 адамға дейін артады.
«Біздің зауыт заманауи жапондық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Барлық өнім зертханада сынақтан өтеді. Өнімнің 35%-ын Астана, Павлодар мен Қарағанды қалалары нарығына өткіземіз. Бүгінде біздің кірпіштермен балабақшалар, мектептер мен емханалар құрылысы салынуда», - деді «Вершина» ЖШС бас инженері А. Қуанышев.