• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыруға 35 мың маман керек (Брифинг бейнебаяны) 08.09.2014

«ҮИИД МБ-2 бағдарламасы (үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, басқарша айтқанда индустрияландырудың екінші бесжылдығы) 2015-2019 жылдарға арналған. Мұнда біз 14 сала бойынша 96 жобаны іске асыруға ниеттеніп отырмыз. Ол үшін жоғары технологиялық өндірістерде дайындалған 35 мың маманға сұраныс бар. Оны біздің отандық колледждер дайындайтын болады», - дейді.

Қалған колледждер «Кәсіпқор» холдингінің қайта даярлау тәжірибесі арқылы холдингтің өзі секілді шараларды қолға алатын болады. Ол үшін арнайы 9 қағида дайындалған.  

«Егер өңір экономикасы осыншама маманға зәру болмаса, онда олар бұдан бас тартып, сұранысқа ие мамандықтарға қарай ауысуына болады. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің біліктілік талаптарына сай жұмыс істеуі керек. Оқытушылар өндірістік тәжірибеге жеткілікті деңгейде ие болуы керек. Егер олар оны жұмысқа дейін игере алмаса, жұмыс процесінде игеріп алулары тиіс», - дейді төрайым.

Индира Қауметова


Back to the list