05.09.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, олардың ішінен аймақтың Қарағанды, Бұқар жырау, Жаңаарқа мен Нұра аудандарының кәсіпкерлерінің 9 өтініші іріктеліп алынды.
Сонымен қатар, келелі кеңесте бірқатар инвестициялық жобалардың таныстырылымы өтті. Олар Теміртауда «Алюминий өндіру цехын даярлау» және Жаңаарқа ауданында «Сауықтыру орталығын салу» сынды және т.б. жобалар.
«Кеңестің қорытындысы бойынша өңір басшысы «Даму» қорына және екінші деңгейдегі банктерге кепілдендіріліген субсидия беру үшін келісім жасауға мақұлданған жобалардың тізімін жіберуді тапсырды», - делінген хабарламада.