21.08.2014
Бүгінгі таңда Елбасының облыс қалалары мен аудандарын Индустрияландыру картасымен жүз пайыз қамту жөніндегі тапсырмасы орындалды. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері инвестициясы 231,2 млрд. теңге болатын 56 жоба қолданысқа беріліп, 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
«Бағдарламаны іске асырудың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Атап айтқанда, Индустрияландыру картасының осы жылдар бойы іске қосылған жобалары арқылы 237,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл облыс өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінің 5,5 пайызын құрайды», - деді аймақ әкімі.