18.08.2014
ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, құрылыс жұмыстарына 304 млн теңге жұмсалды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 млн кірпіш. Бүгіннің өзінде зауыттың өнімі сұранысқа ие.
Аягоз ауданы әкімі Нұрбол Нұрғалиевтың айтуынша, Астана, Семей және Өскеменнен тапсырыстар келіп түсуде.
«Бүгінгі таңда 600 орындық мектеп салынып жатыр. Сертификат алғаннан кейін мердігерлер бізбен келісімге отыратын шығар деп отырмыз және кірпіш құны тасымалдауды есепке алғанда 15%-ға арзан болады» - деді Н. Нұрғалиев.
Бүгінде зауытта 50-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Айта кетерлік жайт, аз уақыт ішінде кәсіпорын қызметкерлері өндіріс процесін толығымен меңгеріп алды.