18.08.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, бағдарлама аясында ашылатын жұмыс орындары 1900-ден 5 мыңға жуық жұмыс орнына көбесе, инвестиция 24 есе артты.
«Жоғарыда аталған 44 жобаның 28-і іске қосылды. 2 131 жұмыс орны ашылып, 26,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, мемлекетке 4,1 млрд. теңге салық түсірді. 28 жобаның 20-сы жоспарлы қуатына шықты, қалғаны жыл соңына дейін толық қуатына шығатын болады. Жыл аяғына дейін жалпы құны 8,3 млрд. теңгені құрайтын тағы
7 жоба іске қосылып, 446 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр»,- делінген хабарламада.
Ал, жеке индустриялық аймақта қатарынан 3 жоба жасалып жатыр. Жылына 12 мың тонна ірі габаритті және аса ауыр металл құрылымдарын жинақтақтайтын өндіріс биыл ІІ жартыжылдықта іске қосылып, 250 жұмыс орны ашылады. Жобаның құны - 2,5 млрд.теңге.
«Сондай-ақ, аймақта әрқайсысының құны 2,1 млрд. теңге және 743 млн. теңге тұратын Электр қуаты станциясы құрылысы мен Модульдік үй тұрғызу фабрикасы бар. Бұл жобалар да жеке кәсіпкерлердің қаражатымен жүзеге асуда», - деп атап өтілген хабарламада.