12.08.2014
Физикалық көлем индексі - 100,5%. Ағымдағы жылдың 7 айында күтіліп отырғаны 144,7 млрд теңге, өсім жеделдгі 100,3 %.
«Аймақтың инвестициялық белсенділігі Индустрияландыру картасында көрініс табуда. Бүгінде, Индустрияландыру картасында ШҚО-ның жалпы сомасы 685,2 млрд теңге болатын 61 жобасы бар. Ал, осы 61 жобаның - 70% жоғары қайта өңдеу. Қайта өңдеу өндірісі саласында жобалардың 8% (республика бойынша орташа көрсеткіш - 7,4%)», - деді ШҚО-ның кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктігітов.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін жалпы сомасы 17,5 млрд теңге болатын 13 жоба іске қосылады. Жаңа жобаларды іске қосу 1,3 мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді.