06.08.2014
«Екінші жарты жылдықта Индустрияландыру картасына 100 жобаны енгізу жоспарланған. Екінші бесжылдық бағдарламасы қабылданды, үкімет шаралар жоспарын құрып, жаңа формат бойынша жұмысты бастады», - деді ол.
Сондай-ақ, ол жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді жоспар дайындалып жатқанын атап өтті.
Оған қоса, оның айтуынша, екінші бесжылдық құрамындағы басымды жобалары бойынша индустриялды жобалардың инфрақұрылымдық тізімі инвесторлар үшін дайындалуда. Ол «Бәйтерек» ҰБХ, «Самұрық-Қазына» қоры бойынша бірігіп жасалып жатқан жұмыс. Бұл тізім Дүниежүзілік, Ислам, Еуропа және Азия даму банктері арқылы өңделуде.
Индира Кауметова