• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтау кәсіпорындары жарты жылда 73,5 млрд теңгенің өнімін өндірді 01.08.2014

«2014 жылдың I жарты жылдығында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалады. Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, инвестиция салалары қарқынды өсуде.Осының бәрі мемлекет Басшысы мен ҚР Үкіметінің қолдауы арқасында, үдемелі индустриалдық-инновациялық даму, «Қолжетімді баспана 2020», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», Жұмыспен қамту жол картасы 2020 және тағы басқа мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқасында жетті»,  - делінген хабарламада.

2014 жылдың қаңтар - маусым айларына өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 73,5 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 133,5% құрады. (2013 жылдың сол кезеңінде – 105,0%).

Соңғы жылдары Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің өсуі байқалып отыр. Онда өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 45,2% алып отыр және 33,2 млрд. теңгені құрайды.

 «Бұл салада айтарлықтай өсім қағаз және қағаздық өнім өндірісі 32,3%, металл құрама құрылыс жинағы – 73,7%, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 61,6%-ға, минералдық, азоттық тыңайтқыштар өндірісі 65,7%-ға, аммиак 51,8%, қара металлургия 2,3 есе, мұнай кәсіпшілігі және тағы басқа жабдықтарды шығару есебінен машина жасау 2,3 есеге көлемінің артуы есебінен анықталып отыр», - делінген хабарламада. 


Back to the list