01.08.2014
«ҮИИД МБ аясында қолға алынған бағдарламалар бойынша 282 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құйылған 201 млрд теңге қаражаттың 91 пайызы, яғни 183 млрд теңгесі кәсіпкерліктің өзіндік қаражаты болып табылады.
«Ауыл шаруашылығы бағдарламасы бойынша және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы берілген субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау шараларына 17 жоба қол жеткізді, берілген 17,8 млрд теңге жалпы құнның 8,8 пайызын құрайды», - дейді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.
Салынған 37 нысанның 21-і жоспарлы қуаттылықтың 50 пайызынан асса, тағы 10 пайыз 50 пайыз деңгейінде, ал төрт жобаның жоспарлы қуаттылықты игеру кезеңі 2014-2015 жылдарға қарастырылған.
Осы жобалардың ішінде екі жоба күрделі жағдайда. Олар жоспарлы қуаттылыққа жетпей, қазірде тоқырап тұр. Атап айтар болсақ, олар «Игеру» ШҚ» ЖШС мен «Қазатомпром» ҰАК» ЖШС (жылу сорғысы құрылғылары өндірісі).
Айта кету керек, 2014 жылы 17,5 млрд теңгеге 13 жобаны іске асырып, 1,3 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.