01.08.2014
«11 миллиард теңгені Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) банкаралық қаржыландыру аясында бөлсе, 4,7 млрд теңге Сбербанктың өз қаражаты. Жалпы, машинақұрылысы, металлургия, химия, мұнай химиясы, тамақ өндірісі салаларында 15,7 млрд. теңгеге бірқатар жобалар қаржыландырылды», - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, «Бәйтерек» ҰБХ бастамасымен 2013 жылдың соңына қарай банкаралық несие бағдарламасын ҚДБ іске қосты.
«Біз ҚДБ-ның білдірген сенімі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз ҚДБ бөлген қаражатты уақытынан бұрын игеріп үлгердік. Сбербанк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына мүдделі және әрқашан осы мақсатта қолдау көрсетуге әзір», - деді Қазақстандағы Сбербанк басқармасының төрағасы Александр Камалов.
Оның айтуынша, бұл қаржы кәсіпорындардың капитал айналымына жіберілген, олар жаңа және қолданыстағы өндірістің көкжиегін кеңейтуге бағытталатын болады.