25.07.2014
Айта кетерлік жайт, Ақмола облысының Индустриаландыру картасына жалпы құны 717 млрд. теңге болатын 63 жоба енгізілген. Олардың арқасында 30 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады. Ал, республикалық Индустриализация картасына құны 461,1 млрд. теңге болатын - 2 жоба кіргізілді.
Бүгінде 105,3 млрд. теңге 44 жоба жүзеге асырылып, 4,7 мың жұмыс орны ашылды.
Ал, 2014 жылы 95 млрд. теңгеге 15 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның аясында 1531 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.